"Kundelik kz"компаниясының марапаты
Республикада "Kundelik.kz" электронды журналын жүргізу бойынша Шымкент қаласы үшінші рет «Алтын белгіні» жеңіп алды. Бұл жетістікке біздің де ІТ лицейіміздің үлесі бар. 2021-2022 оқу жылының бірінші жартыжылдығында Kundelik.kz электронды күнделігін сапалы толтыруда белсенді қызмет атқарған Ө.А.Жолдасбеков атындағы N 9 IT лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлраушан Садирқызы Нуржигитова Күнделік компаниясы атынан Алғыс хаттымен марапатталып, оған рюкзак пен блокнот табысталды.