06
қаңтар
2026
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЛИЦЕЙІШІЛІК ТӘЖІРИБЕДЕ ТАРАТЫЛУЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Авторлық бағдарламалардың лицейішілік тәжірибеде таратылуы» тақырыбында тәжірибе алмасу сабағы өтті. Аталған іс-шара барысында қазақ тілі пәні мұғалімі К. Лайық және дене шынықтыру пәні мұғалімі Б. Жақыпов өздерінің авторлық бағдарламалары бойынша жинақтаған тиімді тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында мұғалімдер оқу үдерісінде қолданылып жүрген әдіс-тәсілдер, авторлық бағдарламалардың оқушылардың білім сапасын арттырудағы маңызы туралы кеңінен айтып өтті. Әріптестер тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, тәжірибе алмасу мазмұнды әрі пайдалы өтті.
Мұндай іс-шаралар педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырып, білім беру сапасын жетілдіруге өз үлесін қосады.



