“АДАЛ АЗАМАТ” БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » » “АДАЛ АЗАМАТ” БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
31
желтоқсан
2025

“АДАЛ АЗАМАТ” БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар мен тәжірибе бірлігі»
2025 жылғы 2–3 желтоқсан күндері
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық семинар-практикум аясында алынған тәжірибе лицейімізде кеңінен насихатталды.
Аталған семинар-практикум қатысушысы Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейіміздің аға тәлімгері Э.Ж. Султанбаева «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтарды білім мазмұнына интеграциялау тәсілдері тақырыбында әріптестерімен мазмұнды тәжірибе бөлісті.
🔹 Семинарда тәрбие мен білімнің өзара тығыз байланысын қамтамасыз ету,
🔹 ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу пәндері арқылы кіріктіре оқыту,
🔹 оқушы бойында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру жолдары жан-жақты талқыланды.
Сондай-ақ, семинар барысында А.Т.Асилова және Н.Т.Абдрашева «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын пәндерге кіріктірудің тиімді жолдарын, оның оқу-тәрбие үдерісінде мақсатты әрі жүйелі қолданылу мүмкіндіктерін нақты мысалдар арқылы түсіндіріп өтті.
Бұл бағыттағы әдістемелік ұсыныстар педагогтер үшін тәжірибелік маңызы зор болды.
✨ Семинар-практикумнан алынған идеялар мен тәжірибелер лицейімізде оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруге,
құндылықтарға негізделген білім беру ортасын қалыптастыруға және
«Адал азамат» тәрбиелеу мақсатын жүзеге асыруға бағытталатын болады.
📌 Құндылық пен тәжірибенің бірлігі – сапалы тәрбие мен саналы ұрпақ кепілі!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив