04
қараша
2025
ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАЛДАРЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде апта сайын дүйсенбі күні өткізілетін жоспарлау жиналысында педагогтерге ЖИ-құралдарының 3 түрін қолдану әдісі кеңінен түсіндіріліп,педгогтердің іс-тәжірибесінде қолдануға ұсыныс беріліп, кері байланыс жасалады. Жасанды интеллектіні енгізу бойынша ұсыныстар:
1. Шағыннан бастаңыз: бір-екі қарапайым сервисті таңдап, оларды сабаққа дайындық кезеңінде қолданып көріңіз.
2. Саралап қолданыңыз:материалдардыоқушылардың жасымен бағдарламасына сәйкес өңдеп, бейімдеңіз.
3. Қауіпсіздікті сақтаңыз: оқушылардың құпия деректерін ашық сервистерге жүктемеңіз.
4. Тәжірибе алмасыңыз:сәтті тәжірибелердімектептің әдістемелік бірлестіктерінде талқылаңыз.
Бүгінгі жиналыста математика пәні мұғалімдері:Ж.Абдувалиев және М.Салман өз презентацияларында DOMORE.AI сайтын және MagicSchoolAI , GeminiPro, MathGpt ЖИ-құралдарын қолдануды түсіндірді.



