27
қараша
2025
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде 2025–2026 оқу жылына арналған Попечительский советтің кезекті жиналысы өтті. Жиналыс барысында жаңа оқу жылына бекітілген Попечительский советтің жаңа мүшелері таныстырылды, олардың мектептің даму бағытына қосатын үлесі мен міндеттері атап өтілді. Кеңестің жаңартылған құрамы ата-аналармен мектеп арасындағы байланыс пен ашықтықты күшейтуге, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігі, білім сапасы және әлеуметтік қолдау мәселелерін жүйелі түрде қарастыруға бағытталған.
Отырыста лицей әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Есепте оқу үлгерімі, тәрбие жұмыстарының нәтижелері, қауіпсіздік шаралары, әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар және оқушылардың мектеп өміріне қатысу белсенділігі туралы мәліметтер қамтылды. Кеңес мүшелері ұсынылған есепті талқылап, алда жүзеге асырылатын жұмыстар мен ұсыныстарды ортаға салды.
Жиынның негізгі құндылығы – мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы серіктестік ынтымақтастықты нығайту. Попечительский советінің жұмысы лицейдің дамуына, оқушылардың сапалы білім алуына, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.






