АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
14
қараша
2025

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Біздің лицейімізде 13.11.2025 жыл күні І ауысым  сынып жетекшілері ата-аналармен кездесті. Жиналыста оқу жылының негізгі бағыттары, тәрбие жұмысының жылдық жоспары таныстырылып, «Адал азамат» бағдарламасы аясында мектеп пен отбасының бірлескен іс-шаралары талқыланды. Родителям оқушы формасы, мектеп ішкі тәртібі, қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме берілді.Сондай-ақ
🔹 Лицейдің ішкі тәртібі мен оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар;
🔹 Оқу жылы бойы өтетін тәрбиелік және білім беру іс-шаралары;
🔹 Оқушылардың қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу, мектеп аумағындағы тәртіп ережелері;
🔹 Ата-аналардың мектеп өміріне белсенді қатысуының маңызы.
Бұл кездесулер лицей мен ата-аналар арасындағы ашық диалог алаңы болып, өзекті сұрақтарға жауап беруге, ұсыныс-пікірлерді тыңдауға мүмкіндік берді.
Главная мақсат – мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара байланысты нығайту, позитивті ата-аналық мәдениетін дамыту және адал, еңбекқор ұрпақты тәрбиелеуде ортақ ұстанымды қалыптастыру.
✨ Мұндай кездесулердің құндылығы – бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ананың бір мақсатта, бір бағытта әрекет етуі. Бұл өз кезегінде жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі, жауапкершілікті азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
🤝 Біз ата-аналарға белсенді қатысып, лицейімізбен серіктестік байланыс орнатқаны үшін алғыс айтамыз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив