Мероприятие » Страница 53 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпақтары" байқауы
17
ақпан
2020
ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпақтары" байқауы
ІІІ Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" байқауына үздік шәкірт дайындағаны үшін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицейдің ән-күй пәні мұғалімі Абуова Жанна марапатталды. Мұғалімнің шәкірттері бас жүлде мен жүлделі орындарға ие болды.
Жас түлектермен кездесу
17
ақпан
2020
Жас түлектермен кездесу
"Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламаны орындау және бизнес кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 17.02.2020 жылы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицейдің түлектері Нурлыбаев Асхат, Мамирханов Данияр, Әбілкәрім Нұрлыбек жас түлектермен кездесіп, өздерінің жетістікке жету жолдарымен бөлісті.
"Шымкент - менің мақтанышым"
13
ақпан
2020
"Шымкент - менің мақтанышым"
"Шымкент - ТМД елдерінің мәдени астанасы" болуына байланысты "Шымкент- менің мақтанышым" тақырыбында 13.02.2020 жылы оқушылар сарайында орналасқан этномәдени мұражайда халықтар достығын нығайту мақсатында Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицей оқушылары іс-шараға қатысты, алғыс хаттармен марапатталды.
"Ерте жүктіліктің алдын алу"
12
ақпан
2020
"Ерте жүктіліктің алдын алу"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицейде 07.02.2020 жылы 8-9-10 сынып қыз балалар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының маманы Н.Жүргенбаева, 14 емдеу орталығының психолог маманы А.Орынбаева, Жастар ресурстық орталығының психологы Ж.Орынбасар, 14 емдеу орталығының гинекологы Қ.Изтаева дәріс оқыды. Оқушылар арасында сауалнама өткізді, брошюралар таратты және оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
"Өлмейтұғын артында сөз қалдырған"
08
ақпан
2020
"Өлмейтұғын артында сөз қалдырған"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицейдің оқушылары Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған "Өлмейтұғын артында сөз қалдырған" атты іс-шараға белсене қатысып, марапаттауларға ие болды.
Оқушылардың шығармашылық көрмесі
08
ақпан
2020
Оқушылардың шығармашылық көрмесі
Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицейде "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруына мәдени мінез--құлық дағдыларын қалыптастыру, өнердегі эстетикалық нысандардың бағалау, көпмәдениетті ортаны құру мақсатында оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. 8фмк1 сынын оқушысы Шыңғыс Аружан мен 8 фмк3 сынып оқушысы Исабек Жанайымның шығармашылық жұмыстары лицей көрмесіне ілінді.
"Қылмыссыз балалық шақ" профилактикалық әңгіме
31
қаңтар
2020
"Қылмыссыз балалық шақ" профилактикалық әңгіме
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицейде "Қылмыссыз балалық шақ" айлығы аясында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Әл-Фараби аудандық учаскелік полиция лейтенанты Халила Ж.Б. және лицей инспекторы Б.Мизам 8-9 сынып оқушылар арасында профилактикалық әңгіме жүргізді. Лицей директоры А.С.Аманкулова оқушыларға лицейішілік тәртібін және міндетті мектеп формасын сақтауына шақырды
"Қылмыссыз жарқын болашақ" сурет байқауы
28
қаңтар
2020
"Қылмыссыз жарқын болашақ" сурет байқауы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицейде "Қылмыссыз жарқын болашақ" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Қамқорлық акция
09
қаңтар
2020
Қамқорлық акция
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицейдің 9 фм1 сынып оқушылары, сынып жетекшісі Б.Т.Адильбекова, қысқы демалыс кезінде қамқорлық акция барысында Шымкент қаласы № 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, тәрбиеленіп жатқан балаларды жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтар табыстады.
"Қош келдің Жаңа 2020 жыл" сурет байқауы
23
желтоқсан
2019
"Қош келдің Жаңа 2020 жыл" сурет байқауы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицейде "Қош келдің Жаңа 2020 жыл" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.