15
ақпан
2021
Академик Ө.Жолдасбековке 90 жыл толуына орай шахмат турнирі


Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 ІТ лицей ұлы академик Өмірбек Жолдасбековтың 90 жыл толуына орай онкүндік іс-шараларын бастады. Бүгін, 15.02.2021 жылы лицейдің базасында оқушылар арасында қалалық шахматтан турнир өткізілді. Турнирге 1, 7, 9,23, 47, 68 мектептердің оқушылары қатысты. Турнирді гроссмейстер Гүлісхан Нахбаева ашты, шахматтан Азияда 3 дүркін, Қазақстанның 7 дүркін чемпионы. Жас шахматистерге сәттілік тіледі. Шымкент қаласы «Дарын орталығының» директоры Р.О.Джеренова турнирде жеңіске жеткен құрама командаларды құттықтады. Іс-шараға лицейдің қамқоршылық кеңес төрағасы Б.Ж.Отыншиев қатысты.