Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВКЕ 95 ЖЫЛ: ҒЫЛЫМИ МҰРА- ҰРПАҚҚА АМАНАТ! » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВКЕ 95 ЖЫЛ: ҒЫЛЫМИ МҰРА- ҰРПАҚҚА АМАНАТ!
03
наурыз
2026

Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВКЕ 95 ЖЫЛ: ҒЫЛЫМИ МҰРА- ҰРПАҚҚА АМАНАТ!

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде қазақ ғылымының көрнекті өкілі, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Ғылыми мұра – ұрпаққа аманат!» атты салтанатты іс-шараның жалғасы лицейдің акт залында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шараның ашылуында лицей директоры Г.С. Абилдаева құттықтау сөз сөйлеп, академиктің ғылым мен білім саласына қосқан зор үлесін атап өтті. Ол өз сөзінде Өмірбек Арысланұлының өмір жолы – жас ұрпақ үшін табандылықтың, адал еңбектің және отансүйгіштіктің жарқын үлгісі екенін жеткізді.
Мерейтойлық шараға арнайы шақырылған құрметті қонақтар:
🔹 Орынбаев Мұса Жолдасбекович – білім саласының ардагері
🔹 Әбілұлы Нышанбай – білім саласының ардагері
🔹 Абдрашев Саттар Жусипович – М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің профессоры
🔹 Жандосова Баян Айтбековна – білім саласының ардагері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі
Қонақтар өз сөздерінде академиктің ғылыми және ұйымдастырушылық еңбегін, жас ғалымдарды тәрбиелеудегі рөлін, ел тарихындағы маңызды орнын атап өтті.
Акт залында Ө. Жолдасбековке арналған көрме ұйымдастырылып, оқушылар мен қонақтар академиктің өмірі, ғылыми еңбектері мен жеке архив материалдарымен танысты.
Шараны байыту үшін мәдени бағдарламалар өткізілді:
🎵 Домбырамен өнерпаздар күй шырқап,
🎤 Музыкалық үйірме қатысушылары ән орындап,
💃 Би үйірмесінің бишілері әсерлі би қойылымдарын көрсетті.
Бұл акт залдағы жалғасы болған мерейтойлық іс-шара жас ұрпаққа рух беріп, білімге деген құрметті арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған, әрі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға үлес қосқан тағылымды кездесу болды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив