“ҚАМҚОР” ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » “ҚАМҚОР” ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
27
ақпан
2026

“ҚАМҚОР” ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9  ІТ лицейінде «Адал азамат біртұтас тәрбие» жоспарына сәйкес лицейімізде 2026 жылдың 23–27 ақпан күндері аралығында «Қамқор» жобасы аясында «Бақытты жанұя» мекемесіне қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, жауапкершілік, әлеуметтік белсенділік сияқты адами құндылықтарды қалыптастыру, қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелеу және отбасылық тәрбие мен мектеп тәрбиесінің сабақтастығын нығайту болды.
Апта бойы 1–11 сынып оқушылары ата-аналарымен бірлесе отырып, тұрмыстық қажетті киім-кешектерді жинау жұмыстарына белсенді атсалысты. Оқушылар тек материалдық көмек көрсетіп қана қоймай, қайырымдылықтың мәнін түсініп, өзара қолдау мен бірліктің маңызын терең сезінді. Бұл бастама – жас ұрпақтың жүрегінде ізгілік пен қамқорлық сезімін орнықтыруға бағытталған тәрбиелік маңызы зор шара болды.
2026 жылдың 27 ақпан күні жиналған көмектер «Бақытты жанұя» мекемесіне табысталды. Іс-шараны үйлестіру және ұйымдастыру жұмыстарына лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Р. Дусметова, А.Т. Асилова, аға тәлімгер Э.Ж.Султанбаева, педагог-ұйымдастырушы М.Б.Үсен және 8 «З», 8 «И» сынып оқушылары белсенді қатысып, жиналған көмекті мекеме өкілдеріне  тапсырды.
Акция барысында білім алушылар әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін тәжірибе жүзінде сезініп, «бірлік бар жерде – тірлік бар» қағидасының өміршеңдігін көрсетті. Мұндай шаралар оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, олардың бойында адамгершілік, ізгілік және патриоттық құндылықтарды дамытуға ықпал етеді.
Қайырымдылық – ұлт тәрбиесінің өзегі. «Қамқор» жобасы аясындағы бұл игі іс – өскелең ұрпақтың жүрегіне жылулық сыйлап, қоғамдағы өзара қолдау мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив