КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
26
ақпан
2026

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ

“МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТУРАЛЫ МЕНІҢ КӨЗҚАРАСЫМ”
Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9  ІТ лицейімізде 11-сынып білім алушылары арасында аталған тақырыпта мазмұнды әрі тағылымды эссе жазу жұмысы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың мемлекеттік басқару жүйесі туралы түсінігін кеңейту, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және кәсіби бағдар беру бағытындағы көзқарастарын дамыту болды.
Эссе жұмыстарында білім алушылар мемлекеттік қызметтің қоғамдағы стратегиялық маңызын терең талдап, оның ел дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлін жан-жақты ашып көрсетті. Сонымен қатар, олар мемлекеттік қызметшінің бойында болуы тиіс адалдық, әділдік, жауапкершілік, заңдылық қағидаттарына ерекше тоқталып, бұл құндылықтардың қоғам сенімін қалыптастырудағы маңызын нақты мысалдармен жеткізді.
Оқушылар өз ой-толғамдарында кәсіби даму мүмкіндіктерінің болашақ маман қалыптастырудағы орнын атап өтіп, үздіксіз білім алу, өзін-өзі жетілдіру, бәсекеге қабілеттілік секілді қасиеттердің маңызын көрсетті. Жастардың пайымдауынша, мемлекеттік қызмет – тек мамандық емес, ел алдындағы үлкен жауапкершілік пен сенім.
Аталған іс-шара білім алушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, олардың ел болашағына деген жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етті. Жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру және кәсіби бағыт-бағдар беру – бүгінгі білім беру жүйесінің басым бағыттарының бірі екені тағы бір мәрте айқындалды.
Осындай мазмұнды жұмыстар арқылы лицейімізде саналы, белсенді және елжанды ұрпақ тәрбиелеу жолындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив