ТӘРБИЕ САҒАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
24
ақпан
2026

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

 4-апта дәйексөзі: «Жаңашылдық – заман талабы»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде білім алушылары арасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында апталық дәйексөзге сәйкес мазмұнды сынып сағаттары ұйымдастырылды. Аптаның басты мақсаты – оқушылардың заманауи ойлау қабілетін дамыту, жаңашылдыққа ұмтылысын арттыру, құқықтық мәдениеті мен қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру болды.
Апта барысында әр буын оқушыларына жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиелік маңызы зор тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізіліп, оларда оқушылар белсенді қатысып, пікір алмасу, сұрақ-жауап, талқылау форматында өз ойларын ортаға салды.
1–4 сыныптар
Бастауыш сынып оқушыларына «Жаңашылдық – жетістікке бастар жол» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға жаңашыл болудың маңызы, білімге қызығушылық, ізденімпаздық пен шығармашылық қабілетті дамыту туралы түсіндірілді. Оқушылар өз армандары мен болашақтағы мақсаттары туралы айтып, жаңашыл идеяларымен бөлісті.
Сонымен қатар, қауіпсіздік сабағы (10 минут) аясында «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» таныстырылып, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді. Балаларға 101, 102, 103, 112 сияқты маңызды қызметтердің рөлі мен оларды қашан және қалай пайдалану керектігі түсіндіріліп, қауіпсіздік мәдениеті қалыптастырылды.
5–8 сыныптар
Орта буын сыныптарында «Мектеп мүлкіне жанашырлық – мәдениеттіліктің белгісі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Школьникам мектеп – ортақ білім ордасы екенін түсіндіре отырып, мектеп мүлкіне ұқыптылықпен қарау, қоғамдық тәртіпті сақтау, оқушының мектептегі құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен айтылды.
Сабақ барысында оқушылар мектептегі тәртіп, мәдени қарым-қатынас және жауапкершілік туралы өз ойларын білдіріп, түрлі өмірлік жағдайлар бойынша пікір алмасты.
Қауіпсіздік сабағында «Мектептегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары» тақырыбы қамтылып, мектеп ішінде және ауласында қауіпсіз жүріп-тұру, тәртіп сақтау, бір-біріне құрметпен қарау мәселелері талқыланды.
9–11 сыныптар
Жоғары сынып оқушыларына «Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік» тақырыбында мазмұнды сынып сағаттары ұйымдастырылды. Бұл сабақтарда оқушыларға заңды құрметтеу, қоғам алдындағы жауапкершілік, азаматтық ұстаным және тәртіпті сақтау мәселелері түсіндірілді.
Оқушылар құқықтық мәдениет, тәртіп бұзушылықтың алдын алу, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау туралы ойларын ортаға салып, белсенді пікірталасқа қатысты.
Қауіпсіздік сабағының 10 минуттық бөлімінде «Өз әрекеттеріңіз үшін жауапкершілікті қалай қабылдауға және мектептегі қауіпсіз ортаны қалай сақтауға болады?» тақырыбы қарастырылып, мектептегі қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Апталық тәрбие жұмыстары оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың құқықтық сауаттылығы мен қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға үлкен ықпал етті. Мұндай сынып сағаттары жас ұрпақтың бойында жаңашылдыққа ұмтылу, жауапкершілік, тәртіп және қоғамға пайдалы азамат болу сияқты маңызды құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
Лицейімізде ұйымдастырылып отырған тәрбиелік іс-шаралар білім алушылардың жан-жақты дамуына, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіруіне жол ашып, өскелең ұрпақтың саналы, белсенді әрі жауапты тұлға болып қалыптасуына негіз болуда.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив