“МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ ТӘЖІРИБЕСІ: ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ, ҚОҒАМҒА ҮЛГІ” » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » “МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ ТӘЖІРИБЕСІ: ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ, ҚОҒАМҒА ҮЛГІ”
24
ақпан
2026

“МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ ТӘЖІРИБЕСІ: ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ, ҚОҒАМҒА ҮЛГІ”

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейде  20.02.2026 жылы лицей директоры Абилдаева Гульназ  Сайлауовна , ДТЖЖО Асилова Алима Түймеханқызы, ата-аналар: Муслимова Саягуль Нурбаевна; Ырысбек Аселя Серикқызы; Еспенбетова Дана; Данаева Айгерім , Үйірме жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна және Абенова Жазира Абдимомынқызының бастамасымен «Мерейлі отбасы тәжірибесі:жастарға өнеге, қоғамға үлгі» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізілді. 
Алғашқы құттықтау сөз мекеме басшысы  Абилдаева Гульназ Сайлауовнаға  тарапынан айтылып, отбасының қоғамдағы маңызы ерекше атап өтілді. Отбасы – тәрбиенің, адамгершіліктің, бірлік пен татулықтың бастауы екені айтылды. Отбасы – әрбір адамның алтын ұясы, тәрбиенің бастауы, мейірім мен жылулықтың мекені. 
 Іс-шара барысында келген ата-аналар қыз балаларға өздерінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, жүрекжарды ақыл-кеңестері мен тағылымды өсиеттерін айтты. Олар қыз баланың тәрбиесі – ұлт тәрбиесі екенін ерекше атап өтті. Қыз – болашақ ана, бір әулеттің ғана емес, тұтас қоғамның айнасы екені айтылып, инабаттылық, әдептілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды қасиеттердің маңызы түсіндірілді. Үлгілі отбасылармен отбасылық құндылықтарды нығайту, өзара құрмет және отбасындағы тең құқықтар бойынша 8- 11  сынып оқушылары  пікір алмасты. 
Ата-аналар қыздарға білімді болумен қатар, ұлттық құндылықтарды бойға сіңіріп, ар-намысты биік ұстауға, өзіне сенімді болуға және еңбекқорлыққа тәрбиеленуге шақырды. Сондай-ақ өмірде кездесетін түрлі қиындықтарға сабырмен қарап, мақсаттарына нық қадаммен жету керектігін жеткізді.
Жылы лебіздер мен шынайы тілектер қыздардың жүрегіне жол тауып, оларға ерекше әсер қалдырды. Кездесу тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор әсерлі сәттердің бірі болды.
Концерттік бағдарламада әндер орындалып, өлеңдер оқылып, көріністер көрсетілді. Қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде әсерлі сәттерге куә болды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив