АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР
18
ақпан
2026

АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР

Ө. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен тағылымды кездесу өткізілді.
Іс-шараға арнайы келген ардагерлер: Қ.Ұ. Ажибеков, С.Ү. Меңдіғұлов, Е.Т. Калышев, А. Хамидов, М. Смайлов, М.О.Ташев.
Кездесу барысында ардагерлер соғыс жылдарындағы бастан кешкен қиындықтары мен бейбіт өмірдің қадірі туралы тағылымды әңгімелер айтып, оқушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Оқушылар ардагерлерге қызығушылық танытып, соғыс жылдарындағы өмір, жауынгерлік жол, ерлік пен төзімділік туралы сұрақтар қойды. Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің, тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығын лицей Г.С.Абилдаева атап өтті. Іс-шараны АӘД пәні мұғалімі Б. Сәрсенбеков пен ұйымдастырушы-педагог М.Б.Үсен ұйымдастырды.
Лицей ұжымы ел тыныштығы мен бейбіт өмір жолында ерлік көрсеткен ардагерлерге шынайы алғыс білдіріп, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив