Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұйымдастырылған «Шын жүректен кітап сыйла» челленджінің қорытындысы шығарылды.
Челлендждің басты мақсаты – оқушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітап сыйлау мәдениетін қалыптастыру, рухани құндылықтарды насихаттау және жас ұрпақты ізгілік пен мейірімділікке тәрбиелеу болды.
Қорытындысы бойынша челленджге белсенді қатысқан барлық сыныптарға Алғыс хаттар табысталды.
Сонымен қатар, ең көп кітап өткізген сыныптар арнайы марапатқа ие болып, кинотеатрға жолдама берілді.
Атап айтқанда:
7 «А» сыныбы – сынып жетекшісі Кадирбаева Ақмарал;
5 «Б» сыныбы – сынып жетекшісі Керім Назгул;
8 «Ә» сыныбы – сынып жетекшісі Ерескенова Эльмира;
4 «Г» сыныбы – сынып жетекшісі Аблаева Лейла марапатталды.
Аталған челлендж оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың рухани дамуына, ой-өрісінің кеңеюіне және мәдениетті тұлға болып қалыптасуына оң әсерін тигізді.