ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ДОСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТРЕНИНГ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ДОСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТРЕНИНГ
10
ақпан
2026

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ДОСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТРЕНИНГ

Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  №9 ІТ  лицейінің 5-сынып оқушыларының өзара қарым-қатынасын жақсарту, сынып ішінде достық атмосфера қалыптастыру және бір-біріне деген сыйластықты арттыру мақсатында арнайы психологиялық-педагогикалық тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараны лицейдің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Р. Дусметова, аға тәлімгер және дене шынықтыру пәні мұғалімі У.Арымбекова бірлесе отырып өткізді. Тренинг барысында оқушыларды белсенді қатысуға, өз ойын еркін жеткізуге, бір-бірін тыңдауға және топта жұмыс істеуге бағытталған түрлі қызықты әрі танымдық ойындар ұйымдастырылды.
🎯 Қозғалысқа негізделген сергіту жаттығулары, сенім мен ынтымақтастықты қалыптастыратын тапсырмалар арқылы балалардың бір-біріне деген түсіністігі артып, ұжымдық рухы нығая түсті. Әр ойын оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін дамытуға, өзара қолдау көрсетуге және ортақ мақсатқа бірге ұмтылуға бағытталды.
✨ Бұл тренинг лицейде жүргізіліп жатқан тәрбиелік жұмыстардың маңызды бөлігі болып, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын жетілдіруге, достық құндылықтарын бойларына сіңіруге үлкен ықпал етті.
🤝 Болашақта да лицейімізде оқушылардың тұлғалық дамуына, өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа негізделген осындай мазмұнды іс-шаралар жалғасын табатын болады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив