“ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА” ЧЕЛЛЕНДЖІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » “ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА” ЧЕЛЛЕНДЖІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
10
ақпан
2026

“ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА” ЧЕЛЛЕНДЖІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Шын жүректен кітап сыйла» челленджінің ашылу салтанаты өтті. Челлендждің мақсаты – оқушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітап сыйлау мәдениетін қалыптастыру, рухани құндылықтарды насихаттау және оқырмандарды ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Ашылу салтанаты барысында кітаптың адам өміріндегі орны, оқудың маңызы жайлы тағылымды ойлар айтылып, қатысушылар кітап сыйлаудың мәні мен мағынасы туралы пікір алмасты. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, кітап арқылы білім мен рухани байлықты бөлісудің маңыздылығын түсінді.
Аталған челлендж жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың ой-өрісін кеңейтуге, мәдениетті тұлға болып қалыптасуына және рухани дамуына оң ықпал етеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив