10
ақпан
2026
СЫНЫП САҒАТТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІК САБАҚТАРЫ
21-апта (09.02–14.02) | Сынып сағаттары мен қауіпсіздік сабақтары
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 21-апта аясында тәрбиелік мәні жоғары, оқушылардың білімін кеңейтетін және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыратын мазмұнды сынып сағаттары ұйымдастырылды.
«14 ақпан – Бүкіләлемдік кітап сыйлау күні» / «14 февраля – Всемирный день дарения книг»
Аталған тақырып аясында оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы, оқуға деген қызығушылықты арттыру, кітап сыйлау арқылы ізгілік пен рухани байлықты насихаттау жөнінде пікір алмасты. Кітап – білімнің бастауы, ой-өрісті кеңейтетін және шығармашылыққа жетелейтін сенімді серік екені ерекше атап өтілді.
«Шығармашыл бала – ойлы бала» / «Творчески мыслящий ребенок – вдумчивая личность»
Бұл нақыл сөз арқылы оқушыларды еркін ойлауға, қиялын дамытуға, ізденіске және өз көзқарасын қалыптастыруға тәрбиелеудің маңызы түсіндірілді. Шығармашылық – баланың тұлғалық дамуының негізі екені талқыланды.
Жас ерекшеліктеріне сай өрт қауіпсіздігі тақырыптары қамтылды:
«Балалардың отпен ойнауының алдын алу» / «Профилактические меры против игры детей с огнем» – тұрмыста сіріңке мен оттықты пайдаланудың қауіптілігі, қауіптің алдын алу жолдары айтылды.
«Тұрғын үйлердегі өрт кезіндегі іс-қимыл» / «Действия при пожаре в быту» – төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету, эвакуациялау жолдары мен қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
«Табиғаттағы өрт қауіпсіздігі қағидалары» / «Правила противопожарной безопасности на природе» – орман мен далада от жағу тәртібі, экологияны қорғау, өрттің алдын алу мәселелері қозғалды.







