09
ақпан
2026
ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 лицейінің 1 «А» сыныбы қаңтар айында Редьярд Киплингтің «Маугли» ертегісін оқыды. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқыған шығармаларын өмірмен байланыстыру мақсатында сынып оқушыларын Shymkent Plaza сауда орталығына апарып, «Чарли. Чудо-пёс» мультфильмін тамашаладық.
Бұл іс-шара оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға, кейіпкерлерді салыстыруға және көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен, жағымды әсермен оралды.Осындай қызықты сәттердің өтуіне өз үлесін қосқан ата-аналар комитетіне және балалардың қауіпсіздігі мен көңіл-күйіне жауапкершілікпен қарап, бізбен бірге жүрген аналарымызға шын жүректен алғыс айтамын. 1 "А" сынып жетекшісі М.С.Мусабаева.


