06
ақпан
2026
ДОСБОЛLIKE- ДОСТЫҚҚА БАСТАР ОРТАҚ ҚАДАМ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 05.02.2026 жылы “Адал азамат-біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында :8 “З” жоғары сынып оқушылары және сынып жетекшісі: Абишева Айгуль Сайновна, Үйірме жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна және Абенова Жазира Абдимомынқызының бастамасымен Школьникам Досбол Like аясында бейнеролик,психологиялық жаттығулар,сұрақ -жауап,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Дос болайық» – достыққа бастар ортақ қадам
Қазіргі қоғамда адам баласы үшін ең маңызды құндылықтардың бірі – достық. Достық адамды түсінуге, қолдауға, сыйластыққа үйретеді. Осы мақсатта 8 «З» сыныбымен «Дос болайық» тақырыбында тәрбиелік-психологиялық сабақ өткізілді.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылар арасында өзара сыйластықты арттыру, бір-біріне сеніммен қарауға үйрету, достықтың шынайы мағынасын түсіндіру және сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру болды.
Оқушылармен сұрақ-жауап жұмысы жүргізілді.
Оқушылар «Дос деген кім?», «Шынайы достықтың белгілері қандай?», «Досқа қандай қасиеттер тән?» деген сұрақтар төңірегінде өз ойларымен бөлісіп, бір-бірінің пікірін тыңдады. Бұл кезеңде оқушылардың еркін ойлауына, ашық сөйлеуіне мүмкіндік берілді.
Сабақты қызықты әрі әсерлі ету мақсатында психологиялық жаттығулар өткізілді:
Бұл жаттығу оқушылардың бір-біріне деген жылы қарым-қатынасын арттыруға, мейірімділік пен қолдау сезімін қалыптастыруға бағытталды. Оқушылар бір-біріне жақындық танытып, эмоциялық тұрғыда сергіп, өздерін еркін сезіне бастады.
Аталған жаттығу зейінділікке, шапшаңдыққа, өзіне деген сенімділікті арттыруға және топпен жұмыс жасау дағдысын дамытуға арналды. Оқушылар ойын барысында белсенділік танытып, бір-бірін қолдап отырды.
Сабақ соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, достықтың адам өміріндегі маңызы туралы қорытынды пікірлерін айтты. Сабақ барысында жағымды атмосфера қалыптасып, оқушылардың көңіл күйі көтерілді.
Қорытындылай келе, бұл сабақ оқушылардың бір-біріне деген сенімін нығайтып, достық қарым-қатынасты дамытуға үлкен ықпал етті. Мұндай сабақтар балалардың тұлғалық дамуына, өзара түсіністігіне және психологиялық жайлылығына оң әсерін тигізеді.




