ОНДЫҚ БӨЛШЕКТЕРДІ ҚОСУ ЖӘНЕ АЗАЙТУ” АШЫҚ САБАҚ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » ОНДЫҚ БӨЛШЕКТЕРДІ ҚОСУ ЖӘНЕ АЗАЙТУ” АШЫҚ САБАҚ
06
ақпан
2026

ОНДЫҚ БӨЛШЕКТЕРДІ ҚОСУ ЖӘНЕ АЗАЙТУ” АШЫҚ САБАҚ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 5”Б” сынып оқушыларына математика апталығында “Ондық бөлшектерді қосу және азайту” тақырыбына Керім Назгул Галымжанқызы ашық сабақ өткізді.
5”Б”  сыныбының  оқушылары ондық бөлшектерді разрядтарына сәйкес дұрыс орналастырып, қосу және азайту алгоритмін сақтай отырып есептеуді үйренді. Теориялық білім практикалық тапсырмалармен ұштастырылып, оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейі айқын байқалды.
Сабақта қолданылған түрлі әдіс-тәсілдер (ауызша есептеу, тақтамен жұмыс, жеке және жұптық тапсырмалар) оқушылардың белсенділігін арттырды. Көпшілік оқушылар есептерді дұрыс әрі жылдам орындап, ондық бөлшектермен жұмыс істеу дағдыларын көрсете білді. Кейбір оқушыларда үтірді туралау кезінде және разрядтарды сәйкестендіруде қателіктер кездесті, алайда мұғалімнің бағыт-бағдары арқылы бұл олқылықтар түзетілді.
Сабақ соңындағы бекіту тапсырмалары арқылы оқушылардың білім деңгейі бағаланып, кері байланыс жүргізілді. Оқушылар өз ойларын еркін айтып, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Жалпы алғанда, сабақ оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбын меңгеруіне оң ықпал етті.
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив