ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ САНАЛЫ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ САНАЛЫ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
31
қаңтар
2026

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ САНАЛЫ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

30 қаңтар 2026 жылы Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің   ұл балалармен   маңызды тәрбиелік-танымдық кездесу өтті.
Іс-шараға лицей әкімшілігі – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н.Р. Дусметова, А.Т. Асилова, сондай-ақ Әл-Фараби АПБ Криминалды полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Оңғар Б. қатысты.
🔍 Кездесу барысында: – жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі,
– құқық бұзушылықтың салдары,
– түнгі уақытта заңды өкілсіз жүру қаупі,
– ойын-сауық орындарына баруға қойылатын шектеулер,
– есірткі заттарының алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Лицей басшылығы оқушыларға ішкі тәртіп ережелері мен мектеп формасын сақтау, қоғамдық ортада мәдениетті болу, ұжымдық жауапкершілік пен бірліктің маңызы туралы ой қозғады.
💡 Талқылауда ерекше мән берілген құндылықтар: ✔ Заңға құрмет
✔ Жауапкершілік
✔ Тәртіп
✔ Бірлік
✔ Саналы болашақ
📎 Қорытындысында құқықтық мәдениетті арттыру, профилактикалық жұмыстарды күшейту және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы тәрбиелік шараларды жүйелі түрде жалғастыру туралы қаулы қабылданды.
✨ Заңды құрметтейтін, жауапты әрі саналы ұрпақ – жарқын болашақтың негізі!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив