29
қаңтар
2026
«ДосbolLike» БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ
«ДосbolLike» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде сынып жетекшілеріне арналған мазмұнды әрі өзекті кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында лицей басшысы Г. С. Абилдаева, сондай-ақ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н. Р. Дусметова мен А. Т. Асилова буллингтің алдын алу және оның кез келген көрінісіне жедел әрі тиімді әрекет ету жолдары бойынша жан-жақты ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар, қатысушыларға оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіптік жауапкершілік, мектептегі ішкі ережелерді сақтау, заң талаптарын түсіндіру және қауіпті жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жөнінде де маңызды мәліметтер ұсынылды. Құқықтық сауаттылықты арттыру, профилактикалық әңгімелер жүргізу және ата-аналармен бірлескен іс-қимылдың қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Кездесуде оқушылар арасында қауіпсіз әрі қолайлы психологиялық орта қалыптастырудың маңыздылығы қозғалып, буллинг белгілерін ерте анықтау, зардап шеккен оқушыға қолдау көрсету, сенімді қарым-қатынас орнату және педагогикалық ұжымның үйлесімді жұмысы басты назарда болды.
Сынып жетекшілеріне нақты әрекет алгоритмдері ұсынылып, даулы жағдайларда педагогикалық әдепті сақтау, балалардың құқықтарын қорғау және тәрбиелік жұмыстарды жүйелі жүргізу жөнінде тәжірибелік кеңестер берілді.
Осындай мазмұнды кездесулер лицейімізде өзара сыйластыққа, жауапкершілікке және қауіпсіздікке негізделген орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың жалғасы болып табылады.




