22
қаңтар
2026
ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ АПТАЛЫҒЫ
"Тарих және география" апталық аясында 8 "Ж" сыныбына Дуйсенбаева Г.Д. Қазақстан тарихы пәнінен «Коллективизация в Казахстане» тақырыбындағы ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Сабақтың мақсаты мен міндеттері нақты қойылып, оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде жүйелі түрде жүзеге асырылды.
Сабақ барысында оқушылардың сыни ойлау, тарихи құбылыстарды талдау және себеп–салдарлық байланыстарды анықтау дағдылары дамытылды. Қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың белсенді қатысуына ықпал етті, сабақтың құрылымы логикалық тұрғыда дұрыс сақталды.
Ашық сабақ оқу бағдарламасының талаптарына толық сәйкес келіп, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін және әдістемелік шеберлігін көрсетті.

