КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ
19
қаңтар
2026

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру бағытындағы мазмұнды іс-шара өтті.
Аталған кездесуге М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің өкілдері арнайы келіп, бітіруші түлектерге жоғары оқу орнының білім беру бағдарламалары, мамандықтар жүйесі, қабылдау талаптары, оқу процесінің ерекшеліктері мен студенттерге жасалатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар, іс-шараға Шымкент қалалық әдістемелік орталығының кәсіби бағдарға жауапты әдіскері
Рүстенбек Гүлзинат Мекенбайқызы қатысып, оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы туралы өз пікірін білдіріп, кәсіби бағдар жұмыстарының тиімді жүргізілуі жөнінде құнды ұсыныстарын айтты.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға қажетті маңызды мәліметтер алды. Университет өкілдері еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар, IT саласының даму бағыттары, заманауи білім беру талаптары мен кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы кеңінен тоқталды.
Бұл іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын айқындап, олардың болашаққа деген сенімін арттыруға, жоғары білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталды.
📌 Іс-шараны ұйымдастырушылар:
▪️ Ө. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі
▪️ М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
📌 Ұйымдастыру жұмыстарына жауапты:
— Директордың ғылыми-әдістемелік орынбасары
Сеитова Жанар Искандеровна
— Кәсіби бағдар беруші
Шайзулла Аружан Ерболатқызы
Осындай мазмұнды әрі тағылымды кездесулер оқушылардың болашақ мамандықты дұрыс таңдауына, өз қабілеті мен қызығушылығына сәйкес бағытты анықтауына үлкен ықпал етеді. Алдағы уақытта да лицей қабырғасында кәсіби бағдар беру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады.
🤝 Қонақтарға алғыс білдіреміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив