08
қаңтар
2026
ҚАУІПСІЗДІК -БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Лицейімізде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында сынып жетекшілерге арналған қауіпсіздік сабақтары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шара барысында ДТЖЖО Н.Р.Дусметова және А.Т.Асилова сынып жетекшілеріге қауіпсіздік сабақтарының маңыздылығы, оны тәрбие жұмысымен ұштастыру жолдары, сондай-ақ оқушыларға қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Талқылау барысында:
оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау;
мәселелері кеңінен қарастырылды.
Сынып жетекшілері өзара тәжірибе алмасып, қауіпсіздік сабақтарын тәрбие сағаттарында тиімді өткізу жолдарын, заманауи әдістерді қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Бұл жұмыс оқушылардың жауапкершілігін арттырып, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы құндылықтарға негізделген тәрбиені нығайтуға бағытталды.


