ТЕАТР ФЕСТИВАЛЬДАРЫ МЕН ӘДЕБИ-ДРАМАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАР » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » ТЕАТР ФЕСТИВАЛЬДАРЫ МЕН ӘДЕБИ-ДРАМАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАР
05
қаңтар
2026

ТЕАТР ФЕСТИВАЛЬДАРЫ МЕН ӘДЕБИ-ДРАМАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАР

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен өткен театр фестивальдары мен әдеби-драмалық қойылымдар оқу-тәрбие үдерісінде маңызды орын алды.
Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейінің іс-шаралар барысында оқушылар мен ұстаздар қазақ әдебиетінің классиктері негізінде сахналанған спектакльдерді тамашалап, шығармалардың идеялық мазмұнына терең талдау жасады. Бұл жұмыстар білім алушылардың әдеби-эстетикалық талғамын қалыптастырып, көркем шығарманы сахна тілі арқылы қабылдауына мүмкіндік берді.
Кафедра ұсынған әдеби-драмалық қойылымдар оқушылардың сахналық мәдениетін дамытып, көркем әрі мәнерлі сөйлеу дағдыларын жетілдіруге ықпал етті. Сонымен қатар, шығармашылық ізденіс, рөлге ену, образ жасау арқылы олардың өзіндік ой-пікірі мен жауапкершілігі артты.
Аталған театр фестивальдары мен қойылымдар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, оқушылардың қазақ әдебиетіне, рухани мұраға деген қызығушылығын нығайтты. Қорытындысында, бұл іс-шаралар білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, рухани-адамгершілік тәрбиені күшейтуге және оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыруға оң ықпал етті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив