31
желтоқсан
2025
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ
9 «В» сыныбында құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыс есебі
Құқықбұзушылықтың алдын-алу, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру мақсатында 9 «В» сыныбында жоспарға сәйкес профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мероприятие «Заң және тәртіп» бағыты аясында өткізілді.
Аталған жұмыстар барысында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне тыйым салынатыны, сондай-ақ түнгі клубтарда және басқа да ойын-сауық орындарында болу ережелері туралы оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, оқушылар арасында есірткі құралдарының, психотроптық және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымының алдын алу, олардың адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зияны жөнінде кең көлемде ақпарат берілді. Заң бұзушылықтың салдары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Түсіндіру жұмыстары әңгіме, сұрақ-жауап, жағдаяттық тапсырмалар арқылы жүргізіліп, оқушылардың құқықтық білім деңгейін арттыруға және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталды. Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін білдірді.




