“ КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ “ ЖОБАСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » “ КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ “ ЖОБАСЫ
31
желтоқсан
2025

“ КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ “ ЖОБАСЫ

«Кітап оқитын ұлт» – рухани жаңғырудың негізі 2025 жылғы 30 желтоқсан күні сағат 11:00-де лицейімізде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұстаздарға арналған әдеби шығармаларды талқылау жұмысы өтті.
Аталған іс-шара Абай Құнанбаевтың «Қара сөздеріне» арналды.
Дөңгелек үстел барысында әрбір ұстаз өз қалауы бойынша бір қара сөзді таңдап алып,
оны терең талдап, мазмұны мен тәрбиелік мәнін ашып, жеке көзқарасы мен өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып пікірін ортаға салды.
📖 Іс-шараның негізгі мақсаты –
ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу,
ұстаздардың кітап оқу мәдениетін арттыру,
Абай мұрасындағы адамгершілік, еңбек, білім, ар-ождан, жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерді
оқу-тәрбие үдерісінде тиімді қолдану болды.
Дөңгелек үстел
лицей кітапханашылары мен
ДТЖЖО А.Т. Асилованың ұйымдастыруымен,
ұстаздардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
✨ Талқылау барысында Абайдың қара сөздеріндегі ойлардың бүгінгі қоғам үшін өзектілігі,
ұстаз тұлғасының қалыптасуындағы рухани тәрбие рөлі,
сондай-ақ оқушыға үлгі боларлық құндылықтар кеңінен қозғалды.
📌 Бұл кездесу – ұстаздар арасындағы рухани байланыс пен интеллектуалдық ой алмасудың айқын көрінісі болып,
«Кітап оқитын ұлт» жобасының маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив