ҒАЖАЙЫПҚА ТОЛЫ ЖАҢА ЖЫЛ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
25
желтоқсан
2025

ҒАЖАЙЫПҚА ТОЛЫ ЖАҢА ЖЫЛ

«Ғажайыпқа толы жаңа жыл!» – 5-7 сынып оқушыларының мерекелік шыршасы ✨🎄
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдегі №319 Заңының 6-бабы, 3-тармағына сәйкес, Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейінде 2025 жылғы 23 желтоқсанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие жоспары аясында 5-7 сынып оқушылары арасында жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды.
Мерекенің басты мақсаты – балаларға достық, сыйластық, бірлік, шығармашылық қабілеттер мен адалдық құндылықтарын бойына сіңіру, сонымен қатар жаңа жылдық мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Балалар мерекеде ойындар, шығармашылық тапсырмалар, ән-жырлар, би  арқылы белсенділік танытты. Әр сынып жетекшісі,лицей ДТЖЖО Н.Р.Дусметова және А.Т.Асилова – тәрбие мен шығармашылық белсенділікті үйлестіріп, оқушылардың мерекеден алған әсерін байытты.
Бұл мереке балаларға тек жаңа жылдық қуаныш сыйлап қана қоймай, адалдық, достық, бірлік, шығармашылық және патриоттық құндылықтарды түсіндіруге де үлкен үлес қосты.
📸 Мереке сәттері балалардың қуанышын, ынтымағы мен достық атмосферасын көрсетеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив