«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының 6-бабы, 3-тармағына сәйкес, 23.12.2025 жылы «Адал азамат» біртұтас тәрбие жоспарына сай бастауыш сынып оқушылары арасында «Ғажайыпқа толы жаңа жыл!» тақырыбында жаңа жылдық шырша мерекесіне арналған тәрбиелік-маңызды іс-шара ұйымдастырылып, 1–4 сынып оқушыларының қатысуымен жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараның басты мақсаты –
халықтың баға жетпес игілігі саналатын бірлік пен келісім құндылығын дәріптеу,
балалар ортасында достық пен татулықты қалыптастыру,
патриоттық рухты нығайту,
оқушылардың бойында жақсылыққа сенім мен мерекелік көңіл күй сыйлау,
балалық шақта ұмытылмас жылы естеліктер қалдыру.
Мереке барысында оқушылар ән салып, би билеп, ертегі кейіпкерлерімен бірге қызықты ойындарға қатысты. Жаңа жылдық шырша жанындағы көтеріңкі көңіл күй, балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық – іс-шараның тәрбиелік маңызын айқын көрсетті.
Бұл мерекелік іс-шара бірлік пен ынтымақты нығайтып, балалардың бір-біріне деген сыйластығын арттыруға, ортақ құндылықтарды бойларына сіңіруге зор ықпал етті.
«Ғажайыпқа толы жаңа жыл!» мерекесі оқушылардың жүрегінде жылулық пен қуаныш сыйлап, жаңа жылды жақсылық пен үмітке толы көңіл күймен қарсы алуға мүмкіндік берді.
Жаңа жыл – татулықтың, мейірім мен бірліктің бастауы болсын!