ТӘРБИЕ САҒАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
23
желтоқсан
2025

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы Ө. Жолдасбеков  атындағы №9 ІТ лицейімізде  оқушылардың тұлғалық дамуын, қауіпсіздік мәдениетін және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында барлық сыныптарда мазмұнды сынып тәрбие  сағаттары ұйымдастырылды.
🔹 1–4 сынып оқушыларына
«Бірлік және ынтымақ» құндылығы негізінде «Жаңа жылдық тарту» тақырыбында сынып тәрбие  сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар бір-біріне қамқор болу, достықты бағалау, ортақ қуаныш сыйлау арқылы бірліктің маңызын түсінді. Сонымен қатар 10 минуттық қауіпсіздік сабағында «Егер бейтаныс адам көшеде көмек сұраса не істеу керек?» тақырыбы қозғалып, балаларға қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, сақтық пен жауапкершілік туралы түсінік берілді.
🔹 5–8 сынып оқушыларына
«Бірлік және ынтымақ» құндылығын тереңдету мақсатында «Жаңа жылдық тарту» тақырыбындағы сынып тәрбие  сағаты өткізілді. Оқушылар өзара сыйластық, ынтымақтастық пен мейірімділік ұғымдарын талқылап, қоғамдағы бірліктің рөліне тоқталды. Қауіпсіздік сабағында бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі дұрыс әрекеттер, күмәнді жағдайларда үлкендерге немесе тиісті органдарға жүгіну қажеттігі түсіндірілді.
🔹 9–11 сынып оқушыларына
Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай тағылымды тәрбие сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Бауыржан Момышұлының ерлігі, отансүйгіштігі, азаматтық жауапкершілігі жас ұрпаққа үлгі ретінде насихатталды.
Сонымен қатар 10 минуттық қауіпсіздік сабағында «Әрекетсіздік пен серіктестік үшін жауапкершілік» тақырыбы талқыланып, оқушылар қоғамдағы немқұрайдылықтың салдары мен белсенді азаматтық ұстанымның маңызы жөнінде ой қозғады.
✨ Аталған тәрбие сынып сағаттары оқушылардың бірлік пен ынтымақты бағалайтын, қауіпсіздік ережелерін сақтайтын, елжанды әрі жауапты азамат болып қалыптасуына бағытталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив