12
желтоқсан
2025
«QARZHY SAQSHYSY» КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
Шымкент қаласы білім баскармасының Әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылы 24 қарашадағы №05-3-05-4/7931-И хатына сәйкес, окушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру
мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп өткізілетін «Qarzhy Sagshyry» компьютерлік ойынына көрсетілген 1.12-3.12.2025 аралығында лицейдің 10-11 сыныптың 428 оқушысы толық 100% қатысып, ойнап керемет көңіл-күйде болды.
Бұл ойын барысында оқушылар өмірде кездесетін шынайы жағдайларда дұрыс шешім қабылдауды, алаяқтықтың алдын алу жолдарын меңгереді, сондай-ақ жеке қаржыны басқару дағдыларын жетілдіреді.
«Qarzhy Saqshysy» — жас буынға қаржы әлемін қауіпсіз әрі түсінікті тілде үйрететін тиімді құрал.




