ТӘРБИЕ САҒАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
09
желтоқсан
2025

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты   Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9  ІТ лицейімізде оқушылардың құқықтық, адамгершілік және әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында 1-11 сынып оқушыларымен  сынып тәрбие сағаттары мен қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Бұл жұмыстар «Адал азамат біртұтас тәрбие» және «ДОСБОЛLIKE» жобалары аясында жүзеге асырылды.
1-4 сынып оқушыларымен «Адал болу – арлы болу» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адам бойындағы ең асыл қасиеттердің мәні түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері туралы қарапайым, жас ерекшеліктеріне сай мысалдар арқылы айтылды. Школьникам адал болудың – арлы болу екенін ұғындыру, дұрыс таңдау жасауға бағыттау негізгі мақсат болды.
Қауіпсіздік сабағында «Есік қағылды. Қауіпті қалай тануға болады?» және «Реттелетін, реттелмейтін көше қиылыстары» тақырыптары қамтылып, оқушыларға бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде сақтық шараларын сақтау, жолда жүру ережелерін дұрыс түсіну және қауіптен қорғана білу дағдылары үйретілді.
5-8 сынып оқушыларымен «ДОСБОЛLIKE» жобасы аясында «Өзімізді басқаруды үйренеміз» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың өзін-өзі тануын, эмоциясын басқаруын, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауын және буллингтің алдын алу жолдарын түсіндіру болды. Оқушылар TOPIQ, пікірталас, жағдаяттық тапсырмалар арқылы достық, сыйластық, өзара қолдау құндылықтарын терең түсінді.
Қауіпсіздік сабағында «Үйге қауіпсіз оралу: қолайсыз ауа райында не істеу керек?» тақырыбы қозғалды. Школьникам жаңбыр, боран, қатты жел, көктайғақ сияқты қолайсыз ауа райы жағдайында жеке қауіпсіздігін сақтау жолдары, дұрыс әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді.
9-11 сынып оқушыларымен «ДОСБОЛLIKE» жобасы бойынша «Өзім үшін де, өзгелер үшін де жауаптымын!» тақырыбында (буллингтің алдын алу) сынып сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында цифрлық буллинг, психологиялық қысым, кибербуллинг ұғымдары кеңінен талданып, олардың жасөспірім психикасына тигізетін кері әсері түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушыларға толеранттылық, сыйластық, азаматтық жауапкершілік құндылықтары дәріптеліп, әр адамның қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігіне ерекше көңіл бөлінді.
Қауіпсіздік сабағында «Қауіпсіз қаржылық операцияларды жүргізу қағидалары. Қаржылық пирамидалардың қаупі» тақырыбы қамтылып, алаяқтық түрлері, күмәнді қаржылық ұсыныстардан сақтану, өз деректерін қорғау жолдары туралы нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Өткізілген тәрбие және қауіпсіздік сабақтарының нәтижесінде оқушылардың құқықтық сауаттылығы артты, адалдық пен жауапкершілік құндылықтары қалыптасты, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары нығайды. Сонымен қатар, оқушылар қоғамда өз орнын тануға, өз әрекеті үшін жауап бере білуге және айналасындағы адамдарға жанашырлықпен қарауға тәрбиеленді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив