27
қараша
2025
«АДАЛ АЗАМАТ» ҚАҒИДАТЫН ДӘРІПТЕУ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде 24 қараша 2025 жылы сағат 16:00-де «Алтын Орда» қайырымдылық қорының бастамасымен лицейімізде «Адал азамат» қағидасын дәріптеу мақсатында маңызды кездесу өтті. Шараға М. Әуезов атындағы ОҚЗУ заң факультетінің Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Бекбосынов Ермек Төленұлы арнайы жоспарға сай келді. Кездесу қатысушылары – лицейіміздің 7-сынып оқушылары.
Іс-шара барысында спикер оқушыларға адалдықтың қоғам дамуындағы рөлін, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениеттің маңызын кеңінен түсіндірді. «Адал азамат» қағидасы — тек мінез-құлық нормасы емес, әр адамның болашағына бағыт-бағдар беретін өмірлік ұстаным екені атап өтілді. Ермек Төленұлы оқушыларды құқықты құрметтеуге, әділ болуға, өз ісіне адалдықпен қарауға, қоғамға пайдалы болуға үндеп, нақты өмірлік мысалдар арқылы құндылықтарды терең ашып берді.
Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік, адамгершілік сияқты маңызды қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды. Шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық саласының маманымен еркін пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Бұл кездесу жас ұрпаққа дұрыс бағыт беріп, олардың бойында «адал азамат» болуға деген ынта мен түсінікті нығайта түсті.




