ТӘРБИЕ САҒАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
25
қараша
2025

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Қараша айының 4-аптасы: «Әділетте берік болсаң – аяғың таймайды!»
24–28 қараша 2025 ж.
Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ  лицейінде қараша айының 4-аптасы «Әділетте берік болсаң – аяғың таймайды!» құндылығы аясында барлық сыныптарға бағытталған бірыңғай тәрбиелік және қауіпсіздікке арналған сабақтар ұйымдастырылды. Аптаның мақсаты – оқушыларды әділдікке, жауапкершілікке, дұрыс таңдау жасауға үйрету, сондай-ақ қауіпсіздік дағдыларын нығайту.
1–4 сыныптар
«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында балаларға пайдалы тағам түрлері, денсаулықты күтудің жолдары түсіндірілді.
Қауіпсіздік сабағында «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» таныстырылып, шұғыл жағдайларда дұрыс хабарласу дағдылары қалыптастырылды.
5–8 сыныптар
«Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» тақырыбында табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану мәдениеті дәріптелді.
Қауіпсіздік сабағында оқушылар Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлерімен танысты.
9–11 сыныптар
Қазақтың тұңғыш романының авторы, ақын, публицист Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған танымдық сабақ өтті. Оқушылар жазушының өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасап, ұлттық құндылықтар мен әділдік идеясының маңызын талқылады.
Қауіпсіздік сабағында оқушылар жедел қызметтер мен сенім телефондары туралы ақпарат алды.
Барлық іс-шаралар «Әділетте берік болсаң – аяғың таймайды!» дәйексөзін оқушылардың бойына сіңіріп, әділдік, жауапкершілік, өз әрекетін бағалау, қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруды мақсат етті. Апта қорытындысы бойынша оқушылар маңызды білім мен өмірлік дағдыларды меңгерді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив