04
қазан
2025
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ
Бүгін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде ерекше кездесу өтті. 8, 9, 10, 11-сынып оқушыларына Малайзияда ұйымдастырылатын халықаралық оқу-танымдық лагерь туралы ақпарат берілді. Арнайы келген маман оқушыларға лагерьдің бағдарламасы, қатысу шарттары, сапар барысы мен мүмкіндіктері жайлы кеңінен түсіндіріп өтті.




