04
қазан
2025
ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ АПТАЛЫҒЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қатысты Ө.Жолдасбеков атындағы № 9 IT лицейінде Химия- биология апталығының ашылуы 29.09.2025ж - 3.10.2025ж болып өтті. Апталықтың ашылу іс-шарасында оқушылар арасында “EcoStyle show” дефиле өткізілді. “BioBazaar” жеміс-жидек аукционы жүргізіліп, биохимиялық тілек себеті арқылы ұстаздар мен оқушыларға жаңа аптаға керемет тілектер білдірілді. “Bio Talk” дәрумендік сұхбат жоғары деңгейде болып өтті.