18
қыркүйек
2025
ЛИЦЕЙДЕГІ ТӘРТІП ПЕН МӘДЕНИЕТТІЛІККЕ БАҒЫТТАЛҒАН АУҚЫМДЫ ЖИНАЛЫС
Шымкент білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 лицейімізде 5, 6, 7-сынып оқушыларына арналып маңызды кездесу өтті. Жиналысты мектеп директоры, шәкірт тәрбиесіне айрықша көңіл бөлетін басшымыз Гульназ Сайлауовна жүргізді.
Жиналыстың басты тақырыбы – буллингтің алдын алу.
Балалар арасындағы буллинг – заманауи мектеп өмірінде ең өзекті мәселелердің бірі. Директор оқушыларға буллингтің қауіптілігі мен оның зардаптарын түсіндірді: бір-бірін мазақ ету, қорлау, шеттету – жасөспірімнің психологиялық денсаулығына кері әсер ететін үлкен қателік. Әрбір оқушының өзін қауіпсіз, жайлы ортада сезінуі – лицейдің басты мақсаты екені ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, оқушыларға құқық бұзушылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілік жайында кеңінен айтылды. Әрбір жас ұрпақ өз әрекетіне жауап беруді, қоғамда әділдік пен тәртіпке бағынуды түсінуі тиіс екендігі баса жеткізілді.
Жиналыс барысында лицейдің ішкі тәртіп ережелері де талқыланды:
– мектеп формасын талапқа сай кию – ұжымдық мәдениеттің көрінісі;
– қоқысты жерге тастамау – қоршаған ортаға құрмет;
– газонды баспау – ортақ игілікті сақтау;
– лицей ішінде әдеп пен мәдениетті сақтау – оқушының абыройы мен тәрбиесінің айнасы.
Бұл кездесудің басты құндылығы – оқушылардың жүрегіне сыйластық, адамгершілік, мәдениеттілік, мейірімділік, жауапкершілік сияқты қасиеттерді дарытуында. Әрбір жас «Мен лицей оқушысымын!» деген мақтаныш сезімімен қатар, өз әрекеті арқылы мектеп беделіне үлес қосатынын түйсінді.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың арасында достық, түсіністік пен сыйластықты нығайтады. Ең бастысы – қауіпсіз әрі мейірімді мектеп ортасын қалыптастыруға жол ашады.
Жиналыстан оқушылар мол тағылым алды, өз бойларына тәртіп пен мәдениетті сақтау, буллингке жол бермеу – әрбірінің ортақ міндеті екенін сіңірді.
#Адал_Азамат_Біртұтас_тәрбие