Шымкент қаласының білім басқармасының 13.09.2024 жылғы №401 бұйрығына сәйкес, білім беру мекемелеріндегі асханаларда ыстық тамақты ұйымдастыру сапасына және санитарлық- эпидемиологиялық талаптарының сақталуын қамтамасыз етілуін бақылау және зерделеу тобы бүгін Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің асханасын тексерді. Тексеру барысында мектептегі тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар, мектептегі ас блогының жұмысы талданды. Зерделеу тобы лицей асханасында азық-түлікті сақтау шарттарының орындалатынын, мәзірдің әртүрлілігі және бөліктің нақты салмағы оның мәзір нормасына сәйкес келетінін, ыдыс-аяқтың бүтін және жеткілікті екенін, оқушылардың тегін ыстық тамақтандыру кестесі мен тағамдар үшін температуралық режимнің сақталуы сәйкес келетінін анықтады.