Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
04
желтоқсан
2024

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы N9 IT лицейінде 03.12.2024 жылы ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығымен ұйымдастырылған “Өмір бойы оқу: Не үшін? Қалай? “атты тақырыпта ата-аналармен пікір талас өткізілді.Мақсаты: -Ата-аналарға өмір бойы оқудың маңыздылығын түсіндіріп, өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру. Олардың балалардың білім алу процесіне үлгі болу мүмкіндіктерін көрсету.5-7 сынып аралығындағы оқушылармен “Менің арманым”және “Социометрия” әдісі бойынша жұмыстар жүргізілді , нәтижесі ата - аналармен талқыланды.  Ең бастысы  балаларға оқудың қажеттілігін жеткізу үшін ата - ананың дұрыс үлгі көрсетуін дамыту. Өмір бойы оқудың ата- ананың жеке өмірі мен кәсіби дамуына тигізетін пайдасы түсіндірілді, ата -аналар өз ойларымен бөлісті.Лицей директоры Г.С.Абилдаева барша ата -аталарға ең басты отбасындағы тәрбие және білімге деген құштарлықты  ояту, дамытуға шақырды және өзінің “Уақыт машинасы” әдісі бойынша болашақтағы жеткізетін армандарына шолу жасады. Осы әдіс арқылы ата -аналар өздеріне керемет мотивация алды.Дарынды оқушыларымыз ата -аналарға жақсы көңіл күй сыйлап күй шертті. Дарынды балаларды өнерге баулып жатқан жас маман Әбдіманап Байдыбек Бақтыбекұлы талантты балаларды өнерге тәрбиелеуде еңбегі зор. Орталықтың жетекшілері Л.Д . Мошкалова және Ж.А.Абенова ата - аналармен қызықты дамыту жаттығуы, сергіту ойындары мен бейне таспалар бойынша тапсырмалар қызықты ,әсерлі өтілді.Атқарылған іс- шараның нәтижесі: Ата-аналар арасында білімге деген оң көзқарас  қалыптастыру. Ата -аналарға өзін -өзі дамыту жолдары мен әдістері ұсынылды. Білім  мен ізденіс мұратқа жеткізеді дей отырып білім алуда ата - ананың балаға қосатын үлесі зор!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив