22
қазан
2024
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ







АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Шымкент қаласы Ө.А.Жолдасбеков атындағы N9 IT лицейде 21.10.2024 жылы ата - аналарды қолдау орталығының кезекті отырысы “Әкелік- бала бақытының қайнар көзі” атты тақырыпта әкелермен дөңгелек үстел өтілді. Мақсаты: Әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін артттыру, отбасы құндылықтарын нығайту, әкелерді тәрбиелік және психологиялық аспектілер бойынша ақпараттандыру. Алғашқы сөзді мектеп директоры Абилдаева Гулназ Сайлауовна бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз- ата-ана. Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді , ата-анаға қарап бой түзейді дей отырып әкелерді тәрбие жолында бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды. Ата -аналармен бірлесе жұмыс атқарып келе жатқан ,балаға сүйіспеншілікпен қарап, түсіністікпен махаббат танытқан 7 сынып жетекшілері: Байдулаева Гаухар, Халбаева Гулбану, Сарсенова Гүлнар ұстаздар тәрбие жолындағы еңбектерінің жемісін көрсетті. Жұмыс барысында, оқушылар ойларын ашық түрде жеткізе алады, сенімді, батыл, төзімді , армандары шексіз , жүректен шыққан үндерін естіп толғаныс үстінде болдық.Ата - аналарды қолдау орталығының жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна және Абенова Жазира Абдимомынқызы өз сөзінде бала тәрбиесінде әкенің рөлі ең маңызды екендігін айтып, баланы үнемі сынап отырса , оқуға құлқы болмайды. Баланы қолдап отырса , білімге деген ынтасы артады. Балаға сенім артса , ол батыл болады. Бала төзімділікте өссе , адал болып жетіледі, бала қауіпсіз жағдайда өссе , ол адамға сеніммен қарайтын болады. Ата - аналар өмірлік тәжірибелерімен ой бөлісіп қорытындылай келе кездесудің нәтижесі: Әкелер бала тәрбиесінде белсенді болудың маңыздылығын түсінді. Әкелер бір - бірімен тәжірибе алмасып, жаңа білім мен кеңестер алынды. Әкелердің бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі артып, отбасындағы рөлі нығаяды.