29
ақпан
2024
ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАДЫНАМА
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
«Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек»
• Балаға ересек адамдардан қауіп төнген жағдайда «ЖОҚ» деп айтуды үйретіңіз.
• Егер біреу оны ұстауға әрекет етсе, балаға «Бұл менің әкем емес( анам емес)» деп даусын шығарып айқайлауды үйретіңіз. Бұл айналасындағылардың назарын аудартады және қылмыскерді қаймықтырады.
• Балаға қайда баратынын, қай бағытпен, қай уақытта қайтатынын, кіммен болатынын хабарлап отыруды, егерде жоспарды өзгеріп жатса қоңырау шалу қажет екенін үйретіңіз.
• Баланы балабақшадан және мектептен өзіңіз алуға тырысыңыз. Егер басқа біреу алатын болса, алдын ала ескертіңіз.
• Балаға құпия сөз ойлап табыңыз. Бұл құпия сөз балаға білмеген бөтен адамдармен бірге кетпеуі немесе бөтен көлікке отырмауы үшін керек.
• Балаға жалғыз жүргеннен гөрі достарымен бірге қыдыру қауіпсіз екенін жеткізіңіз. Жалғыз қыдырған бала қылмыскердің назарын өзіне аудартады.
• Баланы жылына бір рет фотосуретке түсіріңіз. Тым болмағанда сізде жаңа фотосуреті болады.
• Балалардың Интернетке еркін отыруына жол бермеңіз Баланың әлеуметтік желідегі өміріне белсене атсалысыңыз.
• Балаға Интернет желісіндегі қауіптілік туралы айтып ескертіңіз. Егер бала басқа Интернет қолданушы тарапынан келеңсіздікке немесе немесе зорлық- зомбылыққа тап болған жағдайда, оған дереу жақын адамдарына хабарлау керектігін түсіндіріңіз.
• Балал барлық жағдайды айтып жеткізе алатын ата-ананың қатарынан болыңыз. Бала әрқашан оны жақсы көретініне, егер ол жоғалып кетсе немесе ұрланса. Оны ізде тоқтамайтынына сенімді болуы керек.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ