АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
27
қаңтар
2026

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT-лицейде 27.01.2026 жылы “Адал азамат-біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында  Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна және Абенова Жазира Абдимомынқызының бастамасымен  Оқушыларға өмірлік маңызды құндылықтар мен жақсы қасиеттер туралы түсінік беру, өздеріне қажетті сөзді таңдау арқылы өзін-өзі тануға және мотивацияға жетелеу.
    Іс-шараның мақсатын түсіндіріп, «Өзіңе қажетті бір сөзді таңдау» тақырыбын ашты. Оқушыларға өмірде маңызды қасиеттер туралы қысқаша мәлімет берілді.
 • Оқушыларға бірнеше жақсы сөздер ұсынылды (мысалы, сенім, мейірімділік, ерік-жігер, адалдық, үміт және т.б.).
 • Әр оқушы өзіне ең жақын және маңызды деп санаған бір сөзді таңдады.
 • Таңдаған сөзінің мағынасы туралы әркім өз ойымен бөлісті.
 • Мұғалім мен оқушылар  әр сөздің өмірде қандай маңызы бар екенін түсіндірді.
   • Іс-шараға қатысушылар жақсы сөздердің өмірімізде маңызды екенін тағы бір мәрте атап өтті.
 • Әрбір адамға өзіне қажетті қасиетті үнемі дамыту керектігі айтылды.
 • Оқушыларға мотивациялық ұрандар мен сөздерді есте сақтап, өмірге қолдануға шақырылды.
 Іс -шараның маңыздылығы оқушыларға мотивациялық ұрандар мен сөздерді есте сақтап ,өмірге қолдануға шақырылды.Әр бір адамға өзіне қажетті қасиетті үнемі дамыту керектігі айтылды.
Іс-шара сәтті өтті, оқушылар өз ойларын ашық білдірді, бір-бірінің пікірін құрметтеді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың өзін-өзі тануына және жеке қасиеттерін дамытуларына көмектеседі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив