16
қаңтар
2026
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейде 15.01.2026 жылы “Адал азамат-біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында 5Ғ және 7Ә сынып ата -аналарымен Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна және Абенова Жазира Абдимомынқызының бастамасымен «Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен лицей ынтымақтастығы» тақырыбында тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жетекшілері ата-ана мен лицей арасындағы ынтымақтастықтың бала тәрбиесіндегі маңыздылығын түсіндірді. Баланың тәртібі мен сабаққа қатысуы тек лицей емес, отбасымен бірлескен жұмыс арқылы қалыптасады. Лицей мен ата-ананың тығыз байланысы балалардың ұйымшылдығын, жауапкершілігін арттырады.Ата -ана мен бала арасында сапалы қарым-қатынас маңызын ұғындыру аясында «Жіпті орау» әдісі және «Бір тізбек» ойыны жүргізді. Ата-аналардың ойыннан алған әсері, ата-аналар бала мен қарым -қатынас жасау,түсіну,қолдаукөрсету,мектеппен бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын түсінді.Жиналыс барысында ата-аналарға күнделікті байланыста болатын «WhatsApp чатына» бала тәрбиесіне қатысты және ата-аналар арасында чатта белсенді болу-көп жазу емес,уақытында әрекет ету екені туралы кеңес берілді.
Кері байланыс нәтижесінде Ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісті, сұрақтар қойды. Көпшілігі бірлескен әрекет баланың тәртібі мен жетістігіне оң әсер ететінін атап өтті.
Отбасында балаға тәрбие беру кезінде лицей мен тұрақты байланыста болу.
Оқушылардың ұйымшылдығын дамыту үшін сынып іс-шараларына белсенді қатыстыру.
Ата-аналар мен лицей арасындағы ақпарат алмасуды жүйелі ету.






