20
қыркүйек
2025
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейіндегі маңызды кездесу
Бүгін лицейімізде 8 «Ә» сыныбымен ата-аналарға арналған маңызды кездесу өтті.
Тақырыбы: «Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет»
Кездесудің мақсаты – ата-аналарға балалардың жеке шекараларын сақтау, сенім қарым-қатынасын орнату, оларды психологиялық және физикалық зорлық-зомбылықтан қорғау жолдарын түсіндіру. Іс-шара барысында:
Ата-аналар арасында жағдайаттық тапсырмалар орындалып, өмірлік мысалдар талқыланды;
«Кірпі» жаттығуы арқылы әрбір ата-ана мен бала арасындағы жеке шекараны сезіну, түсіну тәжірибесі жүргізілді;
Балалардың қауіпсіздігі мен сеніміне әсер ететін негізгі факторлар туралы пікір алмасу өтті.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жетекшілері Мошқалова Л.Д. және Абенова Ж.А. мазмұнды ақпарат беріп, пайдалы кеңестермен бөлісті.
Құндылығы: Бұл кездесу ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жасөспірімдердің қауіпсіз, сенімді ортада өсуіне үлес қосты. Сенім мен құрметке негізделген қарым-қатынас – әр баланың бақытты болашағының кепілі.




