ДЕНСАУЛЫҚ САҒАТЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ақпан
2025

ДЕНСАУЛЫҚ САҒАТЫ

"ЗАҢ және ТӘРТІП" айлығы
ДЕНСАУЛЫҚ САҒАТЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 12.02.2025жылы
«Заң және тәртіп»  аясында өткізілген айлық акция жоспары бойынша «Ақылды қыз білімге жүгінер,ақылсыз қыз сөзге ілінер» атты тақырыпта қыз балалармен кездесу өтті.  
Мақсаты: Қыз балаларға білімнің маңыздылығын түсіндіру, әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелеу және олардың тұлғалық дамуына ықпал ету.
АТА -АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ жетекшілері : Мошкалова Л.Д  және Абенова Ж.А  ашып,  кездесудің    мақсаты мен  таныстырды. «Ақылды қыз – білімге жүгінер, ақылсыз қыз – сөз ілер» нақыл сөзіне түсінік берілді.  
Арнайы шақырылған қонақтарымыз: Ажибаева Алима Икрамқызы; Ильясова Перуза Орынбаевна; Мынбаева Зубайра  Адасовна;Алиханова Гуларна Темирхановна қыз баланың тәрбиесі, білімнің маңызы туралы айтып, талқылауға шақырды.
  Әңгімелесу және пікірталас:
 Кездесу барысында  оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылды:
 • Ақылды қыз дегеніміз кім?
 • Білімнің қыз бала өміріндегі рөлі қандай?
 • Әдептілік пен әдепсіздік туралы мысалдар келтірілді.
Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын айтып, пікір алмасты.
   Қорытындылай келе кездесу барысында  қонақтарға , қатысушыларға алғысын білдіріп, білімнің маңыздылығын тағы бір рет атап өтті. Қыз балаларға өзін-өзі дамытуға, бос әңгімеден аулақ болуға кеңес берілді. Әдептілік пен білімге ұмтылудың өмірдегі басты құндылық екенін еске салды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив