01
қазан
2024
ЖАС МАМАНДАРМЕН ЖҰМЫС

ЖАС МАМАНДАРМЕН ЖҰМЫС
28.09.2024 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы N9 ITлицейдің бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары Б.С.Алмабаева мен Ж.И.Сеитова және педагог-психологтар Ә.Б.Бектаева мен Ж.О.Жанасова "Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Психологиялық тренинг жас мамандарға психологиялық қолдау көрсету және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыру, сонымен қатар кәсіби құлшынысын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Тренинг барысында жас мамандар бір-бірімен жақынырақ танысып, өз ойларымен бөлісіп, "Мен үшін мұғалім болу..." тақырыбында пікір алмасып, қызықты ойын-жаттығуларға белсенді қатысты. Жас мамандар психологиялық тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.