Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицей мұғалімдері 2022 жылғы 17 ақпанда серіктес №74, 79,125 мектептерге «Оқытуда білім сапасын арттырудың шарты – заманауи технологияны қолдану» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Семинар білім сапасын арттыру құралы ретінде заманауи технологияларды қолдану қажеттілігі мен мүмкіндігін түсіну мақсатында ұйымдастырылды. Лицей мұғалімдері сабақты тиімді модельдеу мен жобалаудың бірыңғай тәсілдерін анықтау, мұғалім мен оқушылардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға ықпал ету жолдарымен бөлісті.