06
қаңтар
2026
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘЖІРИБЕМЕН БӨЛІСУ
Ө. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында жасанды интеллект (ЖИ) тәжірибесімен бөлісу тақырыбында әдістемелік сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында математика пәні мұғалімі Б. Сапархан «Questgen, Questirise» платформаларын қолдану мүмкіндіктері туралы тәжірибесімен бөліссе, математика пәні мұғалімі С.Азатов «Математика сабағына ЖИ ендіру» тақырыбында мазмұнды таныстырылым жасады.
Әдістемелік сабақ барысында жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдары талқыланып, мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу жүзеге асты. Сабақ қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, педагогтердің заманауи цифрлық құралдарды қолдану дағдыларын дамытуға ықпал етті.






